Бүгін Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы суфизм діни ағымы храмында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 43 адамға жеткен, жүзден аса адам жараланған. Храмның ішкі ауласында жүздеген адам жиналған кезде жарылыс болған деп хабарлады Reuters.
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алатынын мәлімдеген.
Соңғы он жылдың көлемінде Белуджистан аймағында мыңнан астам шабуыл мен терактілер болған. Осыдан бір күн бұрын храм маңында пәкістандық құқық қызметкерлері осы провинцияда әрекет ететін экстремистік топтың басшысын өлтірген болатын.