Accessibility links

Латвия Беларуспен шекараға дуал құрылысына қаржы бөлген


Латвияның Ресеймен шекарасындағы әскери қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Латвияның Ресеймен шекарасындағы әскери қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Латвия бюджетінде Беларусь елімен арадағы шекарада дуал тұрғызу үшін қаржы қарастырылған. Бұл туралы сенбі күні Латвия мемлекеттік шекара күзетінің басшысы Нормунд Гарбарс мәлімдеген. Оның сөзінше, шекараға орнатылған қорған ел аумағына заңсыз мигранттардың өтіп кетпеуі үшін қажет.

Delfi жаңалықтар порталының хабарлауынша, дуал құрылысын салу енді бір жылдан кейін басталады. Оның жалпы ұзындығы қанша шақырым болатыны жайлы айтылмайды. Гарбарстың сөзінше, жоба Ресеймен арадағы шекараға орнатылған қорған үлгісі бойынша жүзеге асырылмақ.

2016 жылғы мамырда Латвия Ресеймен шекарасында заңсыз мигранттарға тосқауыл қою мақсатымен алғашқы дуалды тұрғызған. Ұзындығы үш шақырымға созылған қабырғаның биіктігі үш метрге жуық. Жоспар бойынша жалпы ұзындығы 90 километрге жуық дуал орнатылмақ.

XS
SM
MD
LG