Accessibility links

Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр


Болгария президенттігіне кандидаттар Цецка Цачева мен Румен Радев.
Болгария президенттігіне кандидаттар Цецка Цачева мен Румен Радев.

Болгарияда бүгін президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр. Президенттікке бәсеке Социалистік партиядан ұсынылған ресейшіл кандидат Румен Радев пен Болгария парламенті спикері Цецка Цачева арасында өтіп жатыр.

Қоғамдық сауалнама нәтижелері сайлаудың алғашқы турында сайлаушылардың 25,5 пайызының қолдауына ие болған әскери-әуе күштері генералы, бұрынғы ұшқыш Радев алға шыққан. Екінші орындағы Цачеваға дауыс беруге қатысқан азаматтардың 22 пайызы сенім артқан.

58 жастағы Цецка Цачева оңшыл центристік «Болгарияның еуропалық дамуын қолдайтын азаматтар» партиясы кандидаты. Оны елдің саяси истеблишменті қолдайды.

Саясатқа жаңадан араласа бастаған 53 жастағы Румен Радев өзін бұрын совет әскери ұшақтарын басқарған және АҚШ әскери академиясын тәмамдаған тәжірибелі ұшқыш, Отанды көркейтуді басты мақсат еткен болгар генералы ретінде сипаттайды. Ол Ресейге қарсы салынған экономикалық санкцияларды алып тастауға және Болгарияның бұрынғы одақтасы Ресеймен экономикалық байланыстарын қалпына келтіруге шақырады. Радев Ресей Қырымды аннексиялау проблемасына қатысты прагматикалық ұстанымда болғаны дұрыс деп санайды.

Болгария қазір НАТО мен Еуропа Одағына мүше ел.

XS
SM
MD
LG