Accessibility links

Жаңа Зеландияда күшті жер сілкінісі болып, екі адам қаза тапты


Веллингтон қаласындағы цунами қаупі туралы ескерту. Жаңа Зеландия, 14 қараша 2016 жыл.
Веллингтон қаласындағы цунами қаупі туралы ескерту. Жаңа Зеландия, 14 қараша 2016 жыл.

Жаңа Зеландияның орталық бөлігінде 13 қарашада күшті жер сілкінісі болып, Оңтүстік аралының солтүстік-шығыс жағалауында цунами тұрды. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, Крайстчерч қаласынан 100 километр қашықтықта болған зілзаланың қуаты 7,8 магнитуданы құраған. Зілзаладан екі сағаттан соң жағалауға цунами толқыны жетті. Кейбір ақпаратқа қарағанда, екі адам қаза тауып, зілзала ошағындағы ауданда ғимараттар қираған.

Билік шұғыл түрде ескерту жасап, жағалауға жақын тұратын тұрғындарды цунамиден зардап шекпес үшін жоғары, ішкерірек аудандарға қарай кетуге шақырды. Азаматтық қорғаныс ведомствосының хабарлауынша, цунами қаупі бірнеше сағат бойы сақталуы мүмкін. Тынық мұхиты бассейніндегі цунамиден сақтандыру орталығы мәліметтер бойынша бұл ауданда "қуатты цунами тұру қаупі жоғын" айтады.

2011 жылы Крайстчерчте қуатты зілзала болып, салдарынан 185 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG