Accessibility links

Президент Назарбаевтың бейнесі басылған банкнот шықты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған 10 мың теңгелік банкнот. 15 қараша 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған 10 мың теңгелік банкнот. 15 қараша 2016 жыл.

Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген құны 10 мың теңгелік банкнотты таныстырды. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, бұл банкнот Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап шығарылған.

Банкнотты таныстыру ұлттық банктің бейбітшілік және келісім сарайында өткен "Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта" деп аталатын конференциясында таныстырылды. Жиында сонымен қатар тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монетаны да таныстырған.

1993 жылы шыққан банкноттарда Абылай хан, Абай, Құрманғазы мен басқа да тарихи тұлғалардың бейнелері басылған еді. 2000 жылдан бастап жаңа дизайнмен шыққан банкноттарда адам бейнесі басылмаған.

Қазақстан ұлттық валютасы - теңге айналымға 1993 жылы 15 қарашада енгізілген. Ол кезде доллар бағамы 4,75 теңге болған. Одан бір жарым айдан соң теңгенің долларға шаққандағы бағамы 10 есеге құлдырады. 23 жылда теңге бірнеше рет девальвацияға ұшырап, ондаған есе құлдырады.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада доллардың орташа бағамы 344 теңге 80 тиынды құрады.

XS
SM
MD
LG