Accessibility links

Almaty Towers-тегі өртке қатысты жеке компанияның басшысы қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы соты Almaty Towers бизнес орталығындағы алты адам қаза тапқан өртті тергеу аясында "Батут орталығы" компаниясының директоры Дәурен Тұяқовты қамауға алуға санкция берді. Бостандық ауданы сотының қаулысы бойынша Дәурен Тұяқов екі айға қамалды. Оның үстінен "байқаусызда адам қазасына апарып соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қарашаның 6-сы күні Алматыдағы Almaty Towers бизнес орталығында өрт шығып, оқиға орнында 54 жастағы дәнекерлеушінің қаза болғаны туралы хабарланған. Келесі күні өртенген ғимараттан тағы бес адамның – Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің сүйектері табылған.

XS
SM
MD
LG