Токио мен Мәскеу Ресей президенті Владимир Путиннің Жапонияға сапары қарсаңында экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға күш салуға ниетті екендерін мәлімдеді.
Жапония сыртқы істер министрі Фумио Кисида мен Ресей сыртқы істер вице-министрі Игорь Шувалов 15 қарашада өткізген баспасөз конференциясында тараптар "кедендік бақылау, медицина саласы және азаматтардың жүріп-тұруына" қатысты 10-нан астам құжатты дайындауды жылдамдататынын айтты.
Бұл келісімдерге Владимир Путиннің желтоқсанның ортасында Токиоға сапары кезінде қол қойылуы тиіс. 15 желтоқсанда Путин Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездеседі деп жоспарланған. Кремльдің Жапониямен ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын осы кезге дейін Ресейдің экономикалық даму министрі болған Алексей Улюкаев басқарған еді. 15 қарашада Улюкаев ұсталып, оған ресейлік "Роснефть" мұнай компаниясынан 2 миллион доллар ақша бопсалады деп айып тағылған соң Путин оны отставкаға жіберген. Улюкаев өзіне тағылған айыпты теріске шығарады.