Accessibility links

Астанада аяз салдарынан мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылды


Астана бораны (Көрнекі сурет).
Астана бораны (Көрнекі сурет).

Астанада бүгін қатты аяз тұрғандықтан мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Таңертең Астанада ауа температурасы 30 градус аяз болып тұр. Бұған дейін әкімдік қыс кезінде ауа-райы қолайсыз кезде мектептер мен колледждерде сабақты тоқтату параметрлерін жариялаған. Сабақты тоқтату туралы мәліметтерді мобильді телефонға арналған SMART Astana қосымшасынан, Астана әкімдігінің электрондық қызмет порталы мен қалалық білім басқармасының сайтынан білуге болады.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада күндіз ауа температурасы -27 градус болады.

XS
SM
MD
LG