Қазақстан үкіметі теракт жасалатыны туралы хабарлап, алдын ала ақпарат берген адамға сыйақы бермек.
Ресми БАҚ-тың 17 қарашада хабарлауынша, 2017 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін қаулыда терактіні болдырмауға немесе алдын алуға көмектесетін ақпаратты хабарлаған адамға 750 айлық есептік көрсеткіштен (бір АЕК - 2121 теңге) 1000 АЕК-ке дейін бір реттік сыйақы беру қарастырылған. Сыйақы терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру саласындағыуәкілетті мемлекеттік орган есебінен төленеді.
Теракті туралы ақпарат берген адам сыйақыдан бас тартса, ол туралы уәкілетті органның аймақтық органына ол туралы хабарлауы тиіс.