Accessibility links

Қазақстанда алкоголь жарнамасын қалпына келтіруді ұсынды


Ақпарат және байланыс вице министрі Алан Әжібаев медиа құрылтайда. Алан, 11 қараша 2016 жыл.
Ақпарат және байланыс вице министрі Алан Әжібаев медиа құрылтайда. Алан, 11 қараша 2016 жыл.

Қазақстанда телеарналар мен радиоларда сыра, сыра өнімдері мен шарапты сағат кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейін жарнамалауға рұқсат етуді ұсынды. Жарнама туралы заңға алкогольдік өнімдер маркаларын жарнамалауға қайтадан рұқсат беруді қарастыратын өзгерістер енгізу жобасы мәжілістің жұмысшы тобына түсті.

Азаттыққа берген комментариінде ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев ұсыныс телеарналардың өзінен түскенін айтты.

- Қазіргі жарнама нарығындағы қиындықтарды ескере отырып көпшілігінен тағы да айтамын, сыра, алкоголі әлсіз сусындар емес, сауда маркаларының жарнамасын жарнамалауды енгізу туралы ұсыныс түсті. Тек осы тұрғыда және оның өзі бизнестен шығып отыр, - деді Алан Әжібаев.

Ұсынылып отырған өзгеріске сай, сыра, сыра сусыны мен шараптан басқа алкогольді және темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынады.

Қолданыстағы заң бойынша, алкогольді өнім атауы ретінде танымал сауда белгілері элементтерін пайдалану арқылы тауар мен қызметті жарнамалауға тыйым салынады.

Екі жыл бұрын Астана жарнамаға қатысты басқа ұстанымда болған. Ол кезде тіпті БАҚ-та алкоголь өнімін жасырын жарнамалаудың өзін жоюды ұсынып, 2014 жылы жарнама туралы заңға тиісті өзгеріс жасалған.

Қазақстанда алкогольді өнімдерді жарнамалауға 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG