Accessibility links

Лукашенко: 2016 жылы ЖІӨ көлемі 2 пайызға азаяды


Александр Лукашенко баспасөз конференциясында отыр. Минск, 17 қараша 2016 жыл.
Александр Лукашенко баспасөз конференциясында отыр. Минск, 17 қараша 2016 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко биыл елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2 пайызға азаятынын мәлімдеді. 17 қарашада өткен баспасөз конференциясында 2017 жылы экономикада өсім болады деп сенетінін айтты.

Беларусьтің ЖІӨ көлемі 2015 жылы 3,9 пайызға қысқарған. Еуразия даму банкі 2016 жылы экономиканың өсімі 2,6 пайыз болады деп болжаса, Халықаралық валюта қоры құлдырау 3 пайызды құрайды деп болжайды.

Лукашенко журналистерге 22 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұған дейін Мәскеу қарашаның соңында Лукашенко сапарлап келетінін хабарлаған.

Беларусь президенті Мәскеумен қарым-қатынасты "біраз мәселе" күрделендіріп отырғанын мәлімдеді. "Өкінішке орай, 2016 жылы жаңа ешнәрсе жасамадық, негатвив көп" деді Беларусь президенті. Ол Минск мен Мәскеу әлемдік аренада өздерінің мүдделерін қорғау үшін "бір майданда болатынын" да айтты.

XS
SM
MD
LG