Accessibility links

ІІМ ЭКСПО конструкциясының құлауын тергеп жатыр


ЭКСПО-2017 көрмесінің құлаған конструкциясы жанында тұрған жұмысшылар.
ЭКСПО-2017 көрмесінің құлаған конструкциясы жанында тұрған жұмысшылар.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін парламент жиынының арасында Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылыс алаңында салынып жатқан көпір конструкциясының құлауына байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, министр "Құлаудың себебін анықтағанда процессуалдық шешім қабылдаймыз" деген. Қазір төтенше оқиғаға қатысты техникалық сараптама жүргізіліп жатыр.

16 қарашада көрме өтетін территорияда екі павильонның арасын жалғайтын көпір конструкциясы құлаған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Көпір құлағаннан кейінгі түсірілген видео интернетте жарияланған.

BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рақымбаев Facebook-тегі парақшасында конструкцияның құлауының алдын ала болжам бойынша себебін атаған. Оның ұйғарымынша, конструкция ауа температурасы төмендеген кезде ондағы металдары "химиялық құрамының құжатта көрсетілген беріктігіне сай келмеуінен" сығымға төтеп бере алмай құлауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG