Ресейдің Обнинск қаласының билігі АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты қолдайтын демонстрация өткізуге рұқсат берді.
Қала әкімшілігіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзі 18 қарашада акцияның 19 қарашада қаланың орталығында өтетінін және оған 40 шақты адам қатысатынын айтты. Акция мақсаты ресейліктердің "америка-ресей қарым-қатынасы жақсарады деген үмітін білдіру" деп жарияланды.
8 қарашада өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді құрметтейтінін мәлімдеген. Трамп терроризммен күресте Ресеймен ынтымақтасуға бірнеше рет шақырған.