Accessibility links

Трамп өзі басқаратын әкімшілікке жаңадан тағайындалған адамдарды атады


Майк Помпео (солдан оңға қарай), Майк Флинн және Джефф Сешнс.
Майк Помпео (солдан оңға қарай), Майк Флинн және Джефф Сешнс.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ақ үйдің болашақ әкімшілігіндегі лауазымды қызметтерге тағайындалған үш адамның аты-жөнін ресми түрде жариялады.

Орталық барлау басқармасы (CIA) директоры қызметіне Конгрестің өкілдер палатасының мүшесі Майк Помпео, АҚШ әділет министрі әрі бас прокуроры болып сенатор Джефф Сешнс, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметіне отставкадағы генерал Майк Флинн тағайындалады.

Бұл үшеуі Трамптың ұсынысын қабыл алғаны туралы бұған дейін хабарланған.

АҚШ заңы бойынша, орталық барлау басқармасы директоры мен әділет министрі қызметіне ұсынылған кандидаттарды бекітуге сенаттың келісімі болуы қажет.

АҚШ-тың 45-президенті болып сайланған Дональд Трамп 2017 жылғы қаңтардың 20-сы күні ант бергеннен кейін қызметін атқаруға кіріседі.

XS
SM
MD
LG