Accessibility links

Обама: "Сноуден АҚШ соты алдына келсе, оған рақымшылық жасай алар едім"


Буэнос-Айрес құқық университеті өткізген видеоконференция қатысушылары Эдвард Сноуденнің сөзін тыңдап отыр. Аргентина, 14 қараша 2016 жыл.
Буэнос-Айрес құқық университеті өткізген видеоконференция қатысушылары Эдвард Сноуденнің сөзін тыңдап отыр. Аргентина, 14 қараша 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама елдің ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден егер америкалық сот алдына келуге шешім қабылдаса, оған рақымшылық жасар алар едім деп мәлімдеген.

Германияның Spiegel журналы мен ARD телеарнасына сұхбатында Обама Сноуденнің жұртшылыққа өзі жария еткен құпия бағдарламаға қатысты алаңдаушылығын «көп мәселе негізді» деп санайтынын мойындаған. Бірақ, Обаманың пікірінше, америкалық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейде жасырын аңду да қажет болады. Алайда, екінші жағынан, мемлекет «асыра сілтемеуі» үшін оның мұндай іс-әрекеттерін бақылауда ұстаған жөн дейді ол.

Эдвард Сноуден әр жылдары АҚШ орталық барлау басқармасы және ұлттық қауіпсіздік агенттігіне жұмыс істеген. 2013 жылы ол қатардағы азаматтардың телефондарын арнайы қызметтер қалай тыңдайтыны туралы құпия дерек-құжаттарды журналистерге берген еді. Сноуден әшкере қылған жайт АҚШ пен оның Еуропадағы серіктес мемлекеттері, соның ішінде Германиямен арасындағы қарым-қатынастарға сызат түсірген. АҚШ құқық органдарынан қашқан Сноуден 2013 жылы жазда алдымен Гонконгке, кейін Ресейге барды. Ресейден әуелі бір жылға уақытша баспана алған Сноуден 2014 жылы тамызда үш жыл мерзімге ықтиярхат алған.

АҚШ билігі Эдвард Сноуденге мемлекеттік мүлікті ұрлаған, қорғаныс саласында маңызы бар құпия ақпаратты заңсыз пайдаланған, сонымен бірге мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді әдейі жариялаған деген айыптар таққан.

XS
SM
MD
LG