Accessibility links

Алеппода әуе шабуылынан 20 бейбіт тұрғын қаза болғаны хабарланды


Алеппода зардап шеккен балалар. 18 қараша 2016 жыл.
Алеппода зардап шеккен балалар. 18 қараша 2016 жыл.

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының шығыс бөлігін бақылауда ұстап отырған көтерілісшілер үкімет күштерінің шабуылы салдарынан 20 бейбіт тұрғын мерт болғаны туралы мәлімдеген.

АҚШ сириялық үкімет күштері мен ресейлік әскерилердің Алеппоға шабуылын айыптады. Ақ үй мәлімдемесінде Алеппоның тұрғын аудандары мен азаматтық нысандарын бомбалауды «сұмдық шабуыл» деп атаған.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі мекемесі Алеппоның қоршауда қалған аудандарында 275 мың адам гуманитарлық дағдарыс жағдайында отырғаны туралы хабарлаған.

Жұма күні көтерілісшілер соңғы 4 күн бойы Алеппоның шығысын бомбалау салдарынан төрт аурухананың барлығы қирағаны туралы мәлімдеген. «Сирия президенті Башар Асад армиясы мен ресейлік әскерилер қарудың барлық түрін қолданып жатыр. Соның салдарынан арасында балалар мен әйелдер және қарт адамдар бар бейбіт тұрғындар медициналық көмектен қол үзіп қалды» делінген көтерілісшілер мәлімдемесінде. Олар халықаралық қауымдастықтан бұл іске араласып, «Алепподағы әскери қылмысты тоқтату» үшін жәрдем сұраған.

Бірнеше аптаға созылған «гуманитарлық бітімнен» кейін Ресей қарашаның 15-інен бастап Алеппоға әуе шабуылдарын қайта жалғастырған. Ресей қорғаныс министрлігі өз әуе күштері Сирияда азаматтық нысандарды бомбалағаны туралы хабарларды жоққа шығарған.

Сол сияқты ресми Дамаск әскери күштері тек «терроршылар» позицияларына соққы беріп жатқаны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG