Accessibility links

Алматыға жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрден асқан


Қар күреп жатқан адам. Алматы, 20 қараша 2016 жыл.
Қар күреп жатқан адам. Алматы, 20 қараша 2016 жыл.

Алматыда соңғы тәулікте жауған қардың қалыңдығы 18 сантиметрден асқан, бұл әдетте орташа есеппен 5-7 сантиметр шамасында қар түсетін қала үшін қалыптан тыс құбылыс деп хабарлайды Tengrinews сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге таулы аймақта да қар әдеттегі шамадан көп жауған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматы аумағында соңғы күндері толассыз жауған қардың қалыңдығы кей жерлерде 32 сантиметрді құраса, әдетте қар қалыңдығы 15-20 сантиметрден аспайтын тау етегіндегі аудандарда 60 сантиметрге дейін жеткен.

Алматы әкімдігі қаланы қардан тазарту жұмыстарына жергілікті коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтерінің бір жарым мың қызметкері мен жүздеген техникасы жұмылдырылғаны туралы хабарлады.

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда апта ортасынан бастап толассыз жауған қардан қала ішіндегі жолдарда көлік қозғалысы қиындап кеткені туралы суреттер жариялап, көшелерді қардан тазарту жұмыстары баяу жүріп жатқанына сын білдірген еді.

XS
SM
MD
LG