Accessibility links

Пенс: Ромни - АҚШ мемлекеттік хатшылығына кандидат


Дональд Трамп (сол жақта) пен Митт Ромни.
Дональд Трамп (сол жақта) пен Митт Ромни.

Жақында АҚШ-тың вице-президенті болатын Майк Пенстың айтуынша, республикалық партия атынан президенттікке кандидат болған Митт Ромни мемлекеттік хатшы болуы мүмкін. Оның кандидатурасы мемлекеттік хатшылыққа кандидатурасы "қызу талқыланып жатыр". Пенс бұл мәлімдемені Fox news арнасының эфирінде мәлімдеді.

Пенстің мәлімдеуінше, 2012 жылғы сайлауда Барак Обамаға қарсылас болған Ромни мемлекеттік хатшы болуға қарсы емес және өз кандидатурасын ұсынуға дайын.

Бұған дейін Ромни жаңа сайланған АҚШ президент Дональд Трампты алаяқ деп айыптап, оған сайлауда дауыс бермеуге шақырған. Ал Трамп Ромниді "сәтсіздікке ұшыраған кандидат" атаған. Дегенмен сайлаудан кейін Ромни Трампты жеңісімен құттықтады.

XS
SM
MD
LG