Accessibility links

WADA Ресейдегі допинг дауына қатысты кезекті есепті жарияламақ


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) Ресейді елде арнайы допинг бағдарламасы болғанын мойындауға шақырды.

"Ресей тарапынан қандай да бір өкініш байқалса жақсы болар еді" деді WADA президенті Крейг Риди.

Риди 20 қарашада екінші рет WADA президенті болып сайланды. Агенттік 9 желтоқсанда "Ресейдің допингті мемлекеттік бағдарламамен қолдағанын дәлелдейтін" тәуелсіз түрде жүргізілген есепті жарияламақ.

Ал Ресей тәуелсіх антидопинг комиссиясының жетекшісі Виталий Смирнов өз елінде допингті қолдаған мемлекеттік бағдарлама болмағанын мәлімдеді.

WADA биыл Риода өткен олимпиада ойындарына бүкіл Ресей құрамасын қатыстырмауды сұраған. Кейін Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік спортшылардың олимпиадаға қатысуын жекелеген спорт федерациялары шешетінін мәлімдеген. Рио ойындарына Ресейдің жеңіл атлетика мен ауыр атлетика құрамасы қатысқан жоқ.

Кейін Ресей толықтай Рио паралимпиадасынан шеттетілді.

XS
SM
MD
LG