Accessibility links

Министрлік: Қазақстанда сұйытылған газ пайдаланатындар артқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда автокөліктерге сұйытылған газды пайдалану өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін Үкіметтік сағатта Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Министр Қазақстан нарығында сұйытылған газдың жетіспеушілігі бар екенін айтады.

"Сұйытылған газды Қазақстаннан заңсыз түрде шетелге шығару әрекеттері де бар болуы мүмкін. Ресейде сұйытылған газдың бағасы тоннасына 95-145 мың теңге, Тәжікстанда 170-176 мың теңгені құрайды. Ал Қазақстанда газдың бағасы тоннасына 23-27 мың теңге. Тасымалдаушылар пайда табу үшін газды Қазақстанмен шекарасы ашық елдерге алып кетуі мүмкін" деді Бозымбаев.

Министр алдағы уақытта газ тапшылығын шешу үшін ұйытылған газдың бағасын еркіне жіберу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG