Accessibility links

АҚШ пен Қытай Пхеньянға жаңа санкция салу бойынша келісті


Солтүстік Корея халқы алаңда тұр.
Солтүстік Корея халқы алаңда тұр.

АҚШ пен Қытай Солтүстік Кореяға қыркүйекте ядролық қару сынаған үшін жаңа санкциялар салуға келісті. Бұл туралы 24 қарашада Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Жаңа санкцияға сай Солтүстік Корея енді Қытайға көмір экспорттай алмайды. Нәтижесінде Пхеньян ондаған миллион доллар пайдадан айырылуы мүмкін. Сарапшылардың пайымдауынша, Солтүстік Корея көмір экспортынан түскен қаржыны ядролық бағдарламаға жұмсап отыр.

Ресми Пхеньян 2006 жылы алғаш рет ядролық қаруды сынағаннан бері бұл елге бес рет санкция жарияланды. Ал Ресей санкция салу жобасына қарсы шығып келе жатыр.

XS
SM
MD
LG