Accessibility links

"Астана" кипрлік команданы жеңді


"Астана" футбол клубының ойыншылары.
"Астана" футбол клубының ойыншылары.

Футболдан "Астана" командасы Еуропа лигасының топтық кезеңінде кипрлік "APOEL" (АПОЭЛ) клубын 2:1 есебімен жеңді.

24 қараша кешке Астанада өткен матчтың 31-минутында кипрлік команда ойыншысы Георге Эфрем есеп ашқан. Ал 59-минутта босниялық легионер Марин Аничич есепті теңестірді. 84-минутта "Астана" сапындағы сербиялық ойыншы Джордже Деспотович жеңіс голын салды.

Бұл- қазақстандық клубтардың еуротурнирлердің топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісі. "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын 8 желтоқсанда сырт алаңда швейцариялық "Young Boys" (Янг Бойз) командасымен өткізеді.

XS
SM
MD
LG