Accessibility links

Ирактағы жарылыстан ондаған адам мерт болды


Жарылыс болған аймақ. 24 қараша 2016 жыл.
Жарылыс болған аймақ. 24 қараша 2016 жыл.

24 қараша түнде Бағдаттың оңтүстігінде болған жарылыстан 70-тен астам адам мерт болған. Олардың көбі - ирандықтар.

Ирак билігінің AFP агенттігіне берген дерегінде Бағдаттан 100 километр жердегі жанармай құю станциясының маңында жанкешті өзін мінген көлікті жарып жіберген. Сол маңдағы мейрамхананың ішінде болған адамдардың көбі мерт болған. ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың оны - ирактықтар, қалғаны Иран - азаматтары. Ирандықтар Ирактың Карбала қаласындағы шииттердің қасиетті орнына барып тәу етіп, қайтып келе жатқан.

Жергілікті ақпарат құралдары бұл шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өз мойнына алғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG