Сирияның Ракка қаласында америкалық әскери қызметкер қаза тапты. АҚШ қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде әскери қызметкер жарылыс кезінде алған жарақаттан мерт болған.
АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер қаза тапқан солдаттың туысқандары мен жақындарына көңіл айтты. Министрлік мерт болған солдаттың есімін жарияламады. The New York Times басылымының жазуынша, бұл АҚШ-тың Сирияда "Ислам мемлкеті" экстремистік тобына қарсы 2014 жылдан бері жүргізіп жатқан операциясы кезінде қаза тапқан алғашқы америкалық солдат.
2011 жылдың наурызында Сирияда билікке қарсы басталған толқу азаматтық соғысқа ұласып, бүгінге дейін 290 мыңнан астам адам қаза болған. Миллионнан астам адам босып кеткен. Бұл елдің бір бөлігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өз бақылауында ұстап отыр.