25 қарашада Иранның Семнан провинциясында екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кем дегенде бес адам қаза тапқан. Бұл туралы ирандық басылымдар хабарлады.
Иран билігі пойыз апаты 25 қарашада таңертең Шахруд қаласындағы Хафт-хан станциясында болған. Ирандағы Қызыл жарты ай қорының өкілі бес адамның мерт болғанын, 11 адамның жарақат алғанын растады. Қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін.
Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, пойыздар соқтығысқан кезде төрт вагон жолдан шығып кеткен. Ел билігі оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар жіберілгенін хабарлады.
Ресми деректер бойынша жыл сайын Иранда жол апатынан 17 мың адам мерт болады.