Бүгін Астанада өтіп жатқан 7-азаматтық форумда вице премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) діни мәселелер бойынша билікпен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Тасмағамбетовтың айтуынша, "бүгінде Қазақстанда 15 мыңға жуық дәстүрлі емес діни бағыттарды ұстанатын адамдар бар. Тек 22 ҮЕҰ діни мәселелер бойынша кеңес беріп, жұмыс істеп жатыр".
- Тек төрт облыс орталығында, Астанада, Көкшетауда, Қарағандыда және Таразда сегіз ҮЕҰ діни мәселелер бойынша жұмыс істейді. Петропавлда бірде бір ұйым жоқ. Үш мыңға жуық дәстүрлі емес діни ұйымдар бар Оңтүстік Қазақстан облысында дін мәселесімен айналысатын бір ғана ҮЕҰ бар, - деді Тасмағамбетов.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының дерегі бойынша, бір ОҚО өзінде Қазақстанда тыйым салынған 7 діни ағымда жүрген 3 мыңға жуық адам бар.