Accessibility links

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі дүмпуі сезілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарашаның 25-і күні кешкісін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 489 километр қашықтықта тіркелген 6,7 магнитудалы жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстанның Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында сезілген деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы. Ақпарат бойынша, аталған қалаларда жер сілкінісінің күші 2-3 балл шамасында болған.

Алматы уақытымен сағат 20:24 кезінде тіркелген сілкініс ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасы тұсында, 30 километр тереңдігінде болғаны хабарланды. Сейсмологиялық орталықтың дерегінше, соңғы тәулікте аталған аймақта оннан аса жерасты дүмпулері тіркелген.

Бұған дейін жұма күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9 шамасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде екі рет жер сілкінісі (4,6 және 4,4 магнитудалы) тіркелгені хабарланған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG