Бүгін Грузия парламенті кезектен тыс отырысында үкімет құрамы мен үкімет бағдарламасына сенім білдіру мәселесін талқылап жатыр.
Премьер-министр қызметіне кандидат Георгий Квирикашвили депутаттарға 2016-2020 жылдарға арналған «Еркіндік, жедел даму, игілік» деп аталатын үкімет бағдарламасын таныстырды деп хабарлайды Азаттықтың Грузин қызметі.
Үкімет парламент сеніміне ие болу үшін депутаттардың көпшілігінің қолдауы қажет. Биліктегі «Грузия арманы» партиясының үкіметіндегі басты өзгерістер негізінен «экономикалық команда» қалыптастыру бағытында жүргізілген.