Accessibility links

Янукович: Украинаны Ресейге ықпал жасауға пайдаланып отыр


Украина экс-президенті Виктор Янукович. Дондағы Ростов, Ресей, 25 қараша 2016 жыл.
Украина экс-президенті Виктор Янукович. Дондағы Ростов, Ресей, 25 қараша 2016 жыл.

Батыс елдері Украина территориясын Ресейге ықпал ету үшін пайдаланып отыр деп мәлімдеді Ресейдің Дондағы Ростов қаласында өткен баспасөз мәслихатында Азаттықтың Орыс қызметі тілшісінің сұрағына берген жауабында Украинаның экс-президенті Виктор Янукович.

Януковичтің сөзінше, 2014 жылы күшін жойғанға дейін Украинаның еш блокқа қосылмау мәртебесі Еуропадағы тұрақтылық факторы қызметін атқарған.

Ресей территориясында украиналық азаматтарға қатысты жүргізіліп жатқан сот процестері туралы мәселе жөнінде қойылған сұраққа Янукович «соттың аты сот» болғандықтан оның шешімін құрметтеу қажет деп жауап берген. Украина экс-президенті нақты сот істеріне баға беруден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG