Accessibility links

Сирия армиясы Алеппоның тағы бір ауданын басып алды


Алеппоның шығысындағы ауданда жүрген үкімет сарбаздары. Сирия, 23 қараша 2016 жыл.
Алеппоның шығысындағы ауданда жүрген үкімет сарбаздары. Сирия, 23 қараша 2016 жыл.

Сирия үкіметінің армиясы Алеппоның шығыс бөлігіндегі Жабал Бадро кварталын бақылауға алды. Үкімет әскері соңғы аптада көтерілісшілерден осымен екінші ірі кварталды тартып алды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Жабал Бадро кварталы Дамаск 26 қарашада басып алған Ханано кварталымен қатар орналасқан. Көтерілісшілер 2012 жылы алғаш болып Хананоны басып алған еді. Үкімет армиясы көтерілісшілер шептерін бірнеше күн бойы атқылаған.

Сириядағы азамат соғысында Алеппо екі майдан шебіне блінген. Қаланың батысынБашар Асад күштері, шығысын оппзицияшыл көтерілісшілер басып алған. Үкімет күштерінің Жабал Бадро мен Ханано кварталдарын басып алуы олардың көтерілісшілер бақылауындағы өзге аудандарға шабуылын үдетуіне мүмкіндік береді.

XS
SM
MD
LG