Ресейде Украинаның қорғаныс қызметкерлеріне қарсы "Украинаның шығысында әскери қылмыс жасады" деген күдікпен іс қозғалды.
Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренконың 28 қарашада хабарлауынша, прокурорлар "Украина әскери күштерінің бейбіт тұрғындарға артиллериядан соққы бергені жөніндегі" "бұған дейін белгісіз болып келген оқиғаны" ашқан. Бұдан соң украиналық алты әскери командирге қарсы қылмыстық іс қозғалған. Петренко іс қозғалған украин әскерилерінің подполковник Михаил Драпатый, төрт полковник - Сергей Панченко, Сергей Перец, Владимир Горбатюк және Александр Грузевич екенін айтады.
Командирлерге "соғыс жүргізуде тыйым слалынған әдістер мен тәсілдерді қолданды" деген айып тағылған. Петренко офицерлер "Украина қорғаныс министрлігінің жоғары шенді лауазымды тұлғаларының бұйрығын орындағаны" айтылады. Украина билігі әзірге бұл айыптауларға қатысты ресми түсінік берген жоқ.