Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында оқ атылды


Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара (Көрнекі сурет).
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің 28 қарашада хабарлауынша, бүгін таңертең бір топ тәжік шекарашысы оңтүстіктегі Баткен облысымен шекаралас шекараның белгіленбеген даулы аймағына еніп, әуеге үш рет оқ атқан. Қырғыз шекарашылары да оған жауап ретінде әуеге бір рет оқ атқан. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Екі елдің шекара қызметі қызметі өкілдері шұғыл кездесіп, Қырғызстан жағы Тәжікстан шекарашыларына мұндай оқиғаға жол беруге болмайтынын ескерткен.

Бұған дейін жасалған келісім бойынша, екі тарап та шекараның нақтыланбаған даулы аймағынан ондаған метрге дейін қашық жүруі тиіс.

Орталық Азия елдері Совет одағы құлаған 1991 жылдан бері шекараның жүздеген километрге жететін нақтыланбаған, даулы бөліктерін әлі реттей алмай отыр. Соңғы жылдары шекараның белгіленбеген тұстарына жақын аймақтарда атыс, жанжал, жол мен өткелді жабу оқиғалары жиілеген.

XS
SM
MD
LG