Accessibility links

Путин Алеппоға мобильді ауруханалар жеткізуге бұйырды


Сирия үкіметінің сарбаздары Алеппоның көтерілісшілер бақылауында болған шығыс бөліктерінен батыс бөлігіне бас сауғалап келген тұрғындарға көмектесіп жүр. 29 қараша 2016 жыл.
Сирия үкіметінің сарбаздары Алеппоның көтерілісшілер бақылауында болған шығыс бөліктерінен батыс бөлігіне бас сауғалап келген тұрғындарға көмектесіп жүр. 29 қараша 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин азаматтық қорғаныс істері және төтенше жағдайлар министрлігіне Алеппоға барынша тез арада мобильді ауруханалар жөнелтуге бұйрық берді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, Путин әскерилерге "қала мен оның айналасындағы елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді" тапсырған.

Ресей Алеппоны көтерілісшілерден қайтарып алу үшін соғысып жатқан президент Башар Асад әскеріне қолдау көрсетеді. Сириялық гуманитарлық топтар Мәскеу мен Дамаскіні Алепподағы медициналық нысандарды қасақана бомбалап, қиратып жатыр деп айыптайды.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Стивен О'Брайен Алеппода "қатты алаңдатарлық, қорқынышты жағдай қалыптасып отыр" деп ескерткен. "Онда жұмыс істейтін аурухана қалмады, азық-түліктің ресми қоры таусылды" деді ол. Франция 250 мыңдай ғана тұрғын қалған Алепподағы гуманитарлық дағдарысты талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге шақырды.

XS
SM
MD
LG