Accessibility links

Сирия: Израиль Дамаск түбін зымыранмен атқылады


Дамаск түбіндегі Доума елді мекеніндегі шабуылдан кейінгі көрініс, Сирия (Көрнекі сурет).
Дамаск түбіндегі Доума елді мекеніндегі шабуылдан кейінгі көрініс, Сирия (Көрнекі сурет).

Сирияның мемлекеттік SANA агенттігі бүгін Израиль әскери ұшақтары Дамаскінің батыс бөлігін Ливан территориясынан атқылағанын хабарлады.

Агенттік шабуылда екі зымыран атылғаны, бірақ одан ешкім құрбан болмағаны туралы хабар таратты. Агенттік әскери ведомствадағы аты-жөнін атамаған дереккөзіне сүйеніп, зымырандардың бүгін таң ата Саббура аймағына түскенін айтады. Дереккөзі шабуыл "Сирия армиясының табыстарынан назарды басқа жаққа аударту әрекетімен" жасалғанын білдірген. Агенттік зымыранның қандай түрі атылғанын айтпаған.

Израиль билігі бұған қатысты әзірге ресми комментарий берген жоқ. Израиль әскерилері бұрынғы жылдары Сирия территориясына Ливияның шииттік әскери "Хезболла" ұйымына жеткізіледі деген қару-жарақтарды нысанаға алып әуе шабуылдарын жасаған.

Сирия үкіметінің әскері соңғы күндері Алеппоның шығыс аудандарын көтерілісшілерден қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG