Accessibility links

Қазақстанда тұңғыш президент күнін атап өтіп жатыр


Нұрсұлтан Назарбаевқа орнатылған ескерткіш. Талдықорған, 30 қараша 2016 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаевқа орнатылған ескерткіш. Талдықорған, 30 қараша 2016 жыл.

Желтоқсанның 1-і – Қазақстанның тұңғыш президенті күні. Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы күні алғаш рет жалпыхалықтық төте сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-і президенті болып сайланған. Бірнеше күннен кейін СССР тарап, Қазақ ССР-інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертіліп, мемлекет тәуелсіздігі туралы декларация қабылданған.

2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан парламенті мерекелер туралы заңға енгізген өзгеріске сәйкес, желтоқсанның бірі Қазақстанның тұңғыш президенті күні ретінде ресми түрде демалыс болып жарияланған. Содан бері жылда бұл күні ел көлемінде мекемелер мен оқу орындарында Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған түрлі шаралар өткізу дәстүрге айналған. Биылғы мереке қарсаңында Талдықорғанда Назарбаевтың ескерткіші ашылды. Астана опера театрында «Елбасы» музыкалық шығармасының премьерасы өтті. Бұған дейін Ұлттық банк Назарбаевтың суреті салынған 10 мың теңгелік ақша желтоқсанның бірінен айналымға енгізілетінін хабарлаған.

Сыншылар бұл мерекені Назарбаевтың жеке басына табыну көрінісіне теңесе, билікті қолдаушылар оны «тұңғыш президентке деген құрмет» деп санайды.

Қазақстанды соңғы ширек ғасырдан астам уақыт басқарып отырған 76 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев осы кезең ішінде бірнеше рет өткізілген Қазақстан президенті сайлауларында ұдайы жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG