Accessibility links

Астанада мектеп оқушысының өліміне қатысты тергеу басталды


Астанадағы мектептердің бірі (Көрнекі сурет).
Астанадағы мектептердің бірі (Көрнекі сурет).

Астана полициясы қаладағы №59 орта мектеп оқушысының өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. "2002 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды" деген Астана қалалық ішкі істер депаратменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова жергілікті агенттіктерге.

БАҚ мәліметінше, оқушы 30 қараша күні белгісіз жағдайда қайтыс болған. Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы да растаған.

XS
SM
MD
LG