Accessibility links

Ресейде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішті бүлдіріп кетті


Магадан түбіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Қасірет бетпердесі" деп аталатын ескерткіш.
Магадан түбіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Қасірет бетпердесі" деп аталатын ескерткіш.

Ресейдің Магадан қаласы түбіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арнап орнатылған ескерткішті әлдекімдер бүлдіріп кетті. "Қасірет бетпердесі" деп аталатын алып монументке белгісіз адамдар қызыл бояумен "Сталин тірі" деп жазып, бес жұлдыздың суретін салып кеткен.

Жергілікті полиция 1 желтоқсанда бұл іс бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Қасірет бетпердесі" деп аталатын ескерткіш 1996 жылы Магадан түбіндегі Крутая шоқысында орнатылған. Бұл шоқының етегінде мыңдаған тұтқынды Колыма өлкесіне жөнелтетін транзиттік лагер орналасқан.

Ескерткішті ресей-америкалық әйгілі мүсінші Эрнст Неизвестный жасаған. Мүсінші биыл 91 жасында Нью-Йоркте қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG