Accessibility links

Ауыр атлетика құрамасының уақытша бапкері тағайындалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері қызметін уақытша қазақстандық маман Юрий Мельников атқарады. Бұл туралы бүгін Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

59 жастағы Мельников Шымкентте туған. 1985 жылдан бапкерлікпен айналысады. Жастар арасындағы әлем чемпионы Надежда Ногайдың, Азия ойындарының чемпионы Бақыт Ахметов пен Татьяна Хромованың жеке жаттықтырушысы болған.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы және "Құрмет" орденінің иегері.

25 қарашада Қазақстан ауыр атлетика құрамасын 20 жылдан астам уақыт жаттықтырған Алексей Ни отставкаға кеткен. Оның қызметінен кетуін мамандар Қазақстан ауыр атлеттерінің допинг дауымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG