Accessibility links

Есікте «топпен зорлау» ісі бойынша сотта тәртіп бұзғандарға айыппұл салған


Топ болып зорлау қылмысына айыпталғандарға үкім шыққан соң сотталушылармен қоштасқысы келген туыстарын айдауылдар жібермей тұр. Есік қаласы, Алматы облысы, 28 қараша 2016 жыл.
Топ болып зорлау қылмысына айыпталғандарға үкім шыққан соң сотталушылармен қоштасқысы келген туыстарын айдауылдар жібермей тұр. Есік қаласы, Алматы облысы, 28 қараша 2016 жыл.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты «Есік қаласындағы топ болып зорлау» туралы қоғамда резонанс тудырған қылмысқа қатысты үкім жарияланған кезде сотта тәртіпсіздік бұзған екі азаматқа айыппұл салған. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарашаның 28-і күні Еңбекшіқазақ аудандық соты ғимаратында Есік қаласындағы топпен зорлау туралы резонанс тудырған қылмыстық іске байланысты үкім шыққан соң Ж.Жалымбетов пен Д.Мырзабеков сот приставы мен полиция қызметкерлерін балағаттап, оларға тіл тигізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған» делінген ақпаратта.

Әлгі екі азаматты әкімшілік құқық бұзып, «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін айыпты деп тапқан сот олардың әрқайсысына айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде (21210 теңге) айыппұл салған. Сотталушылар кінәларын толық мойындап, айыппұлды төлеген.

Апта басында Алматы облысының Есік қаласында «топпен зорлау» оқиғасына байланысты қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істі қараған сот айып тағылған төрт адамды кінәлі деп танып, ұзақ жылдарға бас бостандықтарынан айырған. Үкім жарияланғаннан кейін сотталушылармен қоштасуға ұмтылған олардың кейбір туыстары өздерін ұстап қалған айдауылдарға балағат сөздер айтып айғайлаған.

XS
SM
MD
LG