Accessibility links

Дональд Трамп Тайвань басшысымен телефонмен сөйлескен


АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп7
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп7

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен телефон арқылы сөйлескен. Вашингтон мен Тайвань басшылығы соңғы бірнеше онжылдық бедерінде ресми деңгейде алғаш рет тікелей байланысқа шығып отыр.

АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманың әкімшілігі Трамп пен Инвэнь арасындағы телефон әңгімесі жайлы кейін естіген. АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі баспасөз-хатшысы Нед Прайс Вашингтонның Қытайға қатысты саясаты өзгермейтінін мәлімдеген.

Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп қарайтын Пекиндегі коммунистік билік өзге мемлекеттердің аралмен ресми байланыс орнатуына қарсы.

АҚШ-та 1979 жылы күшіне енген Тайваньмен қарым-қатынас туралы заңға сәйкес, аралмен экономикалық байланыстар орнатуға болғанымен дипломатиялық қарым-қатынастар қарастырылмаған.

Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына өзіне Цай Инвэнь қоңырау шалып, АҚШ президенті сайлауында жеңіске жетуімен құттықтағаны туралы жазған.

Ол екеуінің телефонмен әңгімелесуін Қытай сыртқы істер министрі «Тайванның балалық айласы» деп атаған.

XS
SM
MD
LG