Accessibility links

Асад армиясы Алеппода тағы бірнеше ауданды бақылауына алған


Алепподағы үкімет күштері көтерілісішілерден босатқан аудандардың бірі. Сирия, 2 желтоқсан 2016 жыл.
Алепподағы үкімет күштері көтерілісішілерден босатқан аудандардың бірі. Сирия, 2 желтоқсан 2016 жыл.

Сирияның үкімет күштері соңғы үш апта ішінде Алеппо қаласында бұған дейін көтерілісшілер қолында болған аумақтың 60 пайызға жуығын бақылауына алған. Бұл туралы адам құқығының сақталуына мониторинг жүргізетін сириялық орталық бүгін хабарлады.

Құқыққорғаушылардың мәліметі бойынша, Сирия президенті Башар Асад армиясы жұма күні Алеппоның Тарик әл-Баб ауданынан көтерілісшілерді ығыстырған соң батыс аудандарды әуежаймен байланыстыратын жолға шығуға мүмкіндік алған. Осы аптада үкімет күштері Алеппоның бірнеше ірі ауданын өзіне қаратқан.

Сирияда азамат соғысы басталғалы бері Алеппо қаласының батыс аймағы үкімет күштерінің, шығыс бөлігі – көтерілісшілер бақылауында болған еді. Асад армиясы көлемі жағынан елдегі екінші ірі қалаға толық бақылау орнатуды көздейді.

XS
SM
MD
LG