Accessibility links

Оңтүстік Кореяда президенттің отставкаға кетуін талап еткен жаппай шерулер өтті


Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің отставкаға кетуін талап етіп шеруге шыққандар. Сеул, 5 қараша 2016 жыл.

Оңтүстік Кореяның ірі қалаларында шеруге шыққан он мыңдаған демонстрант ел президенті Пак Кын Хенің биліктен кетуін талап етті. Осының қарсаңында оппозициялық депутаттар оған импичмент жариялау шарасын бастау туралы ұсыныс жасаған.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігінің хабарлауынша, оппозиция бүкіл ел көлемінде наразылық шерулеріне бір жарым миллион адам қатысты деп мәлімдеген. Полицияның есебі бойынша, демонстрант саны 270 мыңға жуық адам болған.

Оңтүстік Кореяның баспасөз құралдары қазан айының соңында президент құрбысы Чхве Сун Сильдің мемлекеттік саясатқа ықпал жүргізіп отырғаны туралы жарыса жазғаннан кейін Пак Кын Хенің рейтингі құлдырап кеткен. Президенттің бірнеше бұрынғы көмекшісі билікті асыра пайдаланған деген айыптар бойынша қамауға алынған. Пак Кын Хе болған жайтқа байланысты халықтан кешірім сұраған, бірақ қызметінда қала беретінін мәлімдеген.

Қарашаның басынан бері Оңтүстік Кореяда президенттің отставкаға кеутін талап еткен жаппай наразылық шерулері жалғасып жатыр. Парламент президентке импичмент жариялау туралы мәселені желтоқсанның 9-ы күні қарамақ. Президентке импичмент жариялау туралы ұсынысты парламент мүшелерінің үштен екісі қолдаған жағдайда мәселе жарты жылдың ішінде Конституциялық сотта қаралады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG