Accessibility links

Қытайда көмір шахтасындағы апат салдарынан 32 адам қаза тапқан


Апат болған шахтаға түсіп бара жатқан құтқарушылар. Юньнань провинциясы, Қытай, 10 қааша 2011 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қытай билігі елдің солтүстігіндегі көмір шахтасындағы жарылыстан кейін жер астында қалып қойған 10 адам да опат болып, апат салдарынан қаза тапқандар саны 32 адамға жеткені туралы ақпаратты растады. Бұл туралы жексенбі күні мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлаған.

Желтоқсанның 3-і күні Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Чифэн қаласында көмір кеніші шахтасында газ қоспасы жарылған сәтте онда 181 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың 149-ы жер астынан шығып үлгерген. Жарылыстан соң құтқарушылар қаза болған 22 адамның сүйегін тапқан.

Бұған дейін, жұма күні Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян аймағында көмір шахтасындағы жарылыс кесірінен 21 адам қаза тапқаны хабарланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG