Accessibility links

Пәкістанда ұшақ апатында мерт болған 40 адамның сүйегі табылған


Жолаушылар ұшағы апаты болған жерде жүрген адамдар. Хавелиан, Пәкістан, 7 желтоқсан 2016 жыл.
Жолаушылар ұшағы апаты болған жерде жүрген адамдар. Хавелиан, Пәкістан, 7 желтоқсан 2016 жыл.

Пәкістанның солтүстігінде апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында, соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам болған. Олардың сүйектерін құтқарушылар апатқа ұшыраған ұшақ құлаған аймақтан тапқан. Хабарларға қарағанда, ATR-42 жолаушылар ұшағында барлығы 48 адам болған, ұшақ құлаған соң жанып кеткендіктен ешкім тірі қалмағанға ұқсайды.

Жолаушылар ұшағы Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Хавелиан қаласы маңындағы таулы жерге құлаған. Апатқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. Pakistan International Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Читрал қаласынан ел астанасы Исламабадқа ұшып келе жатқанда апатқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG