Германия билігі хакерлермен күрес жүргізетін арнайы бөлімше құруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Frankfurter Allgemeine Zeitung.
Аталған бөлімше атом станциясы немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі тәрізді ел инфрақұрылымының негізгі нысандарын қорғаумен айналысатын болады. Кибер-шабуылға әрекет жасалған жағдайда қаскөйлердің шетелде орналасқан серверлерін германиялық мамандар істен шығарады деп хабарланды.
Қарашаның соңында хакерлер Deutsche Telekom компаниясы серверлеріне шабуыл жасаған. Германия федералдық барлау қызметінің басшысы Бруно Каль кибер-шабуылдар қаупі Ресейден төнетінін жоққа шығармайтынын мәлімдеген.