Accessibility links

Австрияда әсіре оңшыл кандидат сайлауда жеңілгенін мойындады


Австриядағы президент сайлауына үміткерлер Александр Ван дер Беллен (сол жақта) және Норберт Хофер.

Австрияда президенттіктен үміткер, әсіре оңшыл Норберт Хофер сайлауда жеңілгенін мойындады. 4 желтоқсанда өткен дауыс беруде Норберт Хофер Жасылдар партиясы қолдайтын тәуелсіз кандидат Александр Ван дер Белленнен жеңілді. "Австрияның еркіндік партиясы" атынан түскен 45 жастағы Норберт Хофер жеңілгенін алдын ала сайлау қорытынды бойынша қарсыласының 54 пайыз, өзінің 46 пайыз шамасында дауыс алғаны белгілі болған соң мойындады.

Қос кандидат сайлауда Австрияның болашағына қатысты мүлдем қарама-қарсы позиция ұстанған. Аэроғарыш саласының инженері саналатын 72 жастағы Хофер "Австрияның мүддесін барлығынан жоғары қоюға", шекарада бақылауды қатаңдатуға және қоғамдық орындарда бурка киіп жүрге тыйым салуға уәде берген. Ол сонымен қатар "Австрияда исламға орын жоғын" мәлімдеп, үкіметті егер Таяу Шығыстан шыққан мигранттарға қатаң шаралар қабылдамаса отставкаға жіберетінін ескерткен.

72 жастағы Ван дер Беллен Еуропа Одағын және либералдық миграциялық саясат жүргізуді қолдайды. Ол сайлау учаскесінде дауыс беріп тұрып "Бүгін осында болып жатқан оқиғалардың тұтас Еуропаға қатысы бар" деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG