Ақмола облыстық прокуратурасының үш қызметкері "қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" және "заңсыз аң аулады" деген күдікпен ұсталды деп хабарлады бүгін Қазақстан бас прокуратурасы. Прокуратура баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Ақомла облыстық прокуратурасының үш "жауапты қызметкері" кеше, 4 желтоқсанда ұсталған. Прокуратура күдіктілердің аты-жөні мен лауазымдарын, қайда ұсталғанын айтпайды.
"Қазір айғақтарды жинау бойынша кешенді тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұстау және тергеу барысына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат БАҚ-та жарияланады" делінген прокуратура ақпаратында.
"Интерфакс - Қазақстан" агенттінінің ақпаратына қарағанда, ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жабылған.