Accessibility links

БАҚ: Франция премьері президент сайлауына түсетінін жариялайды


Мануэль Вальс, Франция премьер-министрі.

Француз ақпарат құралдары премьер-министр Мануэль Вальстің келесі жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын жарияламақ екенін хабарлады.

Мануэль Вальстің кеңсесі премьердің 5 желтоқсан күні кешке қарай мәлімдеме жасайтынын ғана хабарлап, басқа ақпарат бермеді.

Бұған дейін Республикашыл партияның праймеризінде бұрынғы премьер Франсуа Фийон жеңіске жетіп, партия атынан президенттікке кандидат деп танылған.

Биліктегі Социалистік партияның праймеризі қаңтар айында өтеді. Қоғамдық пікірге жасалған талдауға қарағанда, социалистер республикашылдардан және Мари ле Пен басқаратын әсіре оңшыл "Ұлттық майдан партиясынан қалып келеді.

Францияда президент сайлауы 2017 жылдың сәуір және мамыр айларында екі кезеңде өтеді.

Франция президенті Франуса Олланд 2017 жылғы президент сайлауына қатысудан үмітті емесін және Социалистік партияның праймеризіне кандидатурасын ұсынбайтынын айтты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG