Accessibility links

Әкімдік: Аягөздегі бұзақылықтың діни сипаты жоқ


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында болған бұзақылық пен қару қолдану оқиғасының діни сипаты жоқ деп хабарлады Аягөз аудандық әкімшілігінің баспасөз қызметі Facebook-егі парақшасында.

Бүгін әлеуметтік желі қолданушылары Аягөз қаласында 5 желтоқсанға қараған түні "атыс болып, полиция қызметкерінің жараланғаны" туралы хабарлаған еді.

Бірақ әкімдіктің Facebook-тегі парақшасында 4 желтоқсан күні белгісіз жастар төбелес шығарып, травматикалық қарудан оқ атылғаны айтылады. Қазір ол оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Азаттық тілшісіне Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінен бұл ақпаратқа қатысты комментарий алу мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG