Accessibility links

БҰҰ Беларусьте орындалған өлім жазасын айыптады


Миклош Харасти6 БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқығын сақтау мәселелері бойынша арнайы өкілі.
Миклош Харасти6 БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқығын сақтау мәселелері бойынша арнайы өкілі.

БҰҰ Беларусь қолданған өлім жазаларын айыптады. Еуропа Одағы өткен аптада Беларусь билігі үш адамға өлім жазасын орындағанын растаған. Биылғы жылы Беларусьте барлығы төрт адамға өлім жазасы орындалған. БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқығын сақтау мәселелері бойынша арнайы өкілі Миклош Харастидің мәлімдемесінде "үш адамға өлім жазасын орындау Беларусь билігінің адамның өмір сүру құқығын құрметтеуді жек көретінін және халықаралық адам құқығын қорғау жүйесімен ынтымақтасу ниеті жоғын тағы да дәлелдейтіні" айтылған.

Қарашада сотталушылар Геннадий Яковицкий, Иван Кулеш және Сергей Хмелевскийге өлім жазасы орындалған. Сәуірде Сергей Ивановқа шыққан өлім жазасы орындалған. "Беларусь билігін өлім жазасына барынша тездетіп мораторий енгізуге тағы да шақырамын" деді Харасти.

Еуропа Одағы, Amnesty International және басқа да құқық қорғау ұйымдары да бірнеше жыл бойы Минскіні өлім жазасына мораторий енгізуге шақырып келеді. Беларусьте 2014 жылдың қарашасынан биылғы жылдың сәуіріне дейін өлім жазасы қолданылмаған еді. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Беларусьте 1990 жылдардың басынан бері 400-ден астам өлім жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG